⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

12-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңы 

      1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады. 

      2. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру кіші түрі бойынша тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы кіші түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың өз құрамында тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуға тиіс. 

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру кіші түрі бойынша тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия алуға өтініш берген өтініш берушілердің және қызметтің осы кіші түрін жүзеге асыратын лицензиаттардың өз құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық бойынша ғылыми қызметкер болуға тиіс. 

      Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген кіші түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды. 

      3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы