⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 

      1. Сараптама жүргізу қағидаларына, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес сараптама өтеулі негізде жүргізіледі. 

      2. Жеке және заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін уәкілетті ұйымға ерікті тәртіппен, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында және осы Заңның 7-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда міндетті тәртіппен жүгінеді. 

      3. Уәкілетті ұйым сараптама нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлға жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптама қорытындысын береді. 

      4. Уәкілетті орган айқындағандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдар уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ. 

      Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы