⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы 

      1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша: 

      1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса; 

      2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса; 

      3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. 

      2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді. 

      3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс. 

      Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі. 

      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы