⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

       Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындаумен қатар үш айға дейін сынақ мерзiмi белгіленеді. 

      Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттандырарлықсыз болған кезде құқық қорғау органы басшысының немесе тиісті лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті басшының шешімі бойынша сынақ мерзімі кейіннен қайтадан ұзартылмай, үш айға ұзартылады. 

      2. Сынақ мерзімі оның құқық қорғау қызметінде атқарып жүрген лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңінде арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді. 

      3. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының құқық қорғау қызметі лауазымына тағайындау туралы бұйрығында көзделеді. 

      4. Егер сынақ мерзiмi аяқталса, ал қызметкер құқық қорғау органдарындағы қызметiн жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып есептеледі және сынақ мерзімі құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледi. Бұдан кейiн жұмыстан шығаруға осы Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жол беріледі. 

      5. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерге осы Заңның және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелері қолданылады. Қызметкер сынақ мерзімі кезеңінде өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындайды, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқықтарын қоспағанда, өзіне берілген құқықтарды толық көлемде іске асырады. 

      6. Қызметкердің дәлелді себептермен қызметте болмауы сынақ мерзіміне есептелмейді. 

      7. Мыналарға: 

      1) құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға; 

      2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне; 

      3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарға; 

      4) бұрын құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдарға; 

      5) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды немесе өз өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларға сынақ мерзiмi белгiленбейдi. 

      8. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға құқық қорғау органының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіліп беріледі. 

      Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына бірінші рет кіретін адамдарға қолданылмайды. 

      Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы