⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер    4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер    4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-бап. Қаруды иемденіп алуға құқығы бар субъектілер    4-тарау. Қаруды иелену және пайдалану құқығы Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы Заңы 

      Қазақстан Республикасының аумағында қаруды иемденіп алуға: 

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген субъектілердің; 

      2) лауазымды адамдарына атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқық берілген мемлекеттік органдардың;  

      3) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалардың;  

      4) қару өндірумен немесе оны сатумен айналысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - қару берушілер-заңды тұлғалар);  

      5) қаруды коллекциялаумен немесе экспонаттаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың;  

      6) аңшылық шаруашылығы ұйымдарының;  

      7) спорттық ұйымдардың;  

      8) білім беру ұйымдарының;  

      8-1) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарының (кинематографиялық ұйымдардың, театрлардың, цирктердің, музейлердің); 

      9) Қазақстан Республикасы азаматтарының;  

      10) шетелдіктердің;  

      11) қаруды, оның ішінде жарақат салатын және газбен әсер ететін патрондары бар қаруды қолдану саласында ғылыми медициналық зерттеулер жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғалардың құқығы бар.  

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 23.04.2014 № 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.  

       Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы