12-бап. Мiндеттi салымдарды салу тәртiбi 5-тарау. Кредиттік серіктестікке міндетті салымдар және қосымша жарнамалар Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы
1. Кредиттiк серiктестiкке кiру үшiн қатысушы мiндеттi салымның ең аз мөлшерiн салады. Ұлттық валюта ақшасымен құралатын және төленетiн кредиттiк серiктестiктiң бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың мiндеттi салымдарының сомасына тең. Әрбiр қатысушының мiндеттi салымының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы жалпы сомаға қатынасы қатысушының кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесi болып табылады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 № 107 Заңымен.
3. Кредиттiк cepiктecтiктiң қатысушысына ақша салу кезiнде кредиттiк серiктестiк қатысушысының ақша салғанын растайтын құжат берiледi.
Қатысушының кредиттiк серiктестiкке одан кейiнгi ақша салуы және оның қатысушыға ақшаны қайтаруы жоғарыда аталған құжатта тiркелуге тиiс.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы.
Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы