12-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Көрсетілетін төлем қызметтерінің түрлері:
1) банктік шотты пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) банктік шоттарға, оның ішінде үшінші тұлғалардың банктік шоттарына есепке жатқызу үшін қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) банктік шотты ашпай ақша аударуды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) электрондық ақшаны шығару және өтеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
6) төлем карточкаларын шығару бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
8) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
9) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Көрсетілетін төлем қызметтеріне:
1) төлеушінің көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын міндеттемелері бар тұлғаға (тұлғаларға) төлемді жүзеге асыратын тұлғаның (төлеушінің) қолма-қол ақша беруі бойынша көрсетілетін қызметтер;
2) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша көрсетілетін қызметтер;
3) қайырымдылық немесе коммерциялық емес қызмет мақсатында ақша жинау және беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) банктік шотты ашпай қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) көрсетілетін төлем қызметтерін ұсынуға технологиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін, оның ішінде деректерді өңдеуге және сақтауға, көрсетілетін төлем қызметтерін алушыларды аутентификаттауға, сондай-ақ көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде пайдаланылатын электрондық терминалдар мен жабдықтарды пайдалануға беруге және технологиялық қолдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
6) электрондық төлем құралдарының эмитенті ұсынатын не оның үй-жайларында ұсынылатын тауарларды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған немесе тауардың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тауардың немесе көрсетілетін қызметтің осы түрін берушімен (берушілермен) жасалған шарт негізінде сатып алуға арналған электрондық төлем құралдарын шығаруға және пайдалануға байланысты көрсетілетін қызметтер;
7) бенефициар дара кәсіпкер, заңды тұлға және көрсетілетін төлем қызметтерін беруші арасындағы соңғысының үшінші тұлғалардың қатысуынсыз төлеушілерден қабылданған төлемдер бойынша бенефициардың пайдасына ақша аударуды жүзеге асыруы кезінде ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметтер жатпайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы