12-бап. Коллекторлық агенттіктің жұмыскерлеріне қойылатын талаптар Коллекторлық қызмет туралы Заңы
1. Атқарушы органның (алқалы және (немесе) жеке-дара) бірінші басшысы және мүшелері, байқаушы кеңестің (бар болған жағдайда) бірінші басшысы және мүшелері, бас бухгалтер коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерлері болып танылады.
2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығына ие емес;
2) жоғары білімі жоқ;
3) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
4) қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюролар қызметінде жұмыс тәжірибесі жоқ (тиісті жұмыс өтілі жұмысқа қабылданған күні кемінде бір жыл болуға тиіс);
5) бұдан бұрын, уәкілетті орган коллекторлық агенттікті осы Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін үш жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған;
6) өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
7) бұдан бұрын, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болып табылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды.
Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
8) бұдан бұрын, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл ішінде қолданылады;
9) психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған;
10) егер босатылған күнінен бері үш жыл өтпесе, мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған;
11) бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері бола алмайды. Көрсетілген талап адам мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қолданылады;
12) осы Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған;
13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жеке тұлға коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері бола алмайды.
2-1. Борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасайтын коллекторлық агенттіктің басшы қызметкерінің, жұмыскерінің бір мезгілде басқа коллекторлық агенттікпен еңбек және өзге де қатынастарда болуына тыйым салынады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1), 3), 5), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі жоқ коллекторлық агенттік жұмыскерлері борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасасуға жіберілмейді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімінің бар-жоғына қойылатын талаптар коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) үшінші тұлғалармен телефонмен сөйлесулер арқылы өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлеріне қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы