12-3-бап. Азаматтық қорғау органдарының міндеттері Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Азаматтық қорғау органдары мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
2) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігін және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік резервті қалыптастыру және дамыту;
5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту;
6) азаматтық қорғау саласындағы салааралық үйлестіру;
7) төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету;
8) азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін кәсіби қызметтік және физикалық даярлау және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұру.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтық қорғау органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы