⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-2-бап. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы 

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына сәйкес авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, ол: 

       1) белгілі бір қағидаларды, практикаларды және рәсімдерді енгізу арқылы азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз етеді;  

       2) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асырады;  

       3) авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясатты, мақсаттарды және міндеттерді айқындайды;  

      4) әуежайларды, әуе кемелерін және аэронавигациялық құралдарды заңсыз араласу актілерінен қорғау жөніндегі талаптарды белгілейді. 

      5) бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру тетігін, қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерін, іске асырудан күтілетін нәтижені және индикаторларды қамтиды. 

      Ескерту. 2-тарау 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы