Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-1-бап. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

12-1-бап. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-1-бап. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

      1. Азаматтардың үлестік құрылыс саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жосықсыз құрылыс салушылардың қызметін болғызбау мақсатында жергілікті атқарушы органдар жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін жүргізеді. 

      2. Жосықсыз құрылыс салушылар тізіліміне енгізуге мыналар негіз болып табылады:  

      1) өз бетімен тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйді және (немесе) жеке тұрғын үйді сүру туралы заңды күшіне енген сот актісі;  

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі. 

      3. Мәліметтері тізілімге енгізілген құрылыс салушыларға тізілімге енгізілген кезден бастап үш жыл бойы осы Заңда белгіленген тәртіппен үлескерлердің қаражатын тартуға жол берілмейді. 

      4. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімнен шығаруға мыналар негіз болып табылады:  

      1) осы Заңда белгіленген мерзімнің өтуі;  

      2) тізілімге енгізуге негіз болған сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;  

      3) жергілікті атқарушы органның тізілімге енгізу туралы шешіміне және (немесе) әрекеттеріне шағым жасау туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы. 

      5. Құрылыс салушы жергілікті атқарушы органның тізілімге енгізу туралы шешіміне және (немесе) әрекеттеріне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. 

       6. Тізілімді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ оған енгізу және одан шығару рәсімі уәкілетті орган бекіткен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен реттеледі.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы