⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Ұлттық палатаның кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды ұйымдастыру саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы Заңы 

      1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен: 

      1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады; 

      2) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсты және "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді; 

      5) мемлекеттік органдарға индустриялық аймақтар құру мәселелері бойынша қорытындыға қатысады және береді. 

      1-1. Ұлттық палата: 

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады; 

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады; 

      3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді; 

      3-1) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерге, аймақтарға, орындарға, өндіріс учаскелеріне инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады; 

      3-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға инспекциялау жүргізуін ұйымдастыру бөлігінде оператордың функцияларын жүзеге асырады; 

      4) стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады. 

      5) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      2. Ұлттық палата уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық отын-энергетика баланстарын әзірлеуіне, экономика салаларында шикiзат пен тауарлардың өткізілуі мен тұтынылуына қатысады. 

      3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және "Бизнеске арналған үкімет" веб-порталын құрады және оларды қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына және қызметіне, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы