⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Уәкілетті органның құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

11-бап. Уәкілетті органның құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Уәкілетті органның құзыреті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы Заңы  

      Уәкілетті органның құзыретіне: 

      1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

      2) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 

      3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      3-1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу; 

      4) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы шешімді келісу; 

      5) мынадай үлгілік шарттар мен нысандарды: 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын; 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын; 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын; 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын; 

      қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды; 

      арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі үлгілік шарттарды; 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініш пен сауалнаманың нысандарын; 

      арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы актінің нысанын; 

      бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту; 

      6) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту; 

       7) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту;  

      8) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       9) сарапшылық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;  

      10) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру, оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту немесе оны тарату туралы ұсыныстар енгізу; 

      11) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      12) тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      13) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау; 

      14) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

       15) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;  

      16) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      17) жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту; 

      18) арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 

      19) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 

      20) шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      21) тұлғаларды қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға жіберуге арналған құжаттардың тізбесін әзірлеу және бекіту; 

      22) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       23) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      24) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 

      24-1) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау; 

      25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы