11-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер Пошта туралы Заңы
1. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне: хат (тапсырысты, құндылығы жарияланған), пошта карточкасы (тапсырысты), бандероль (тапсырысты, құндылығы жарияланған), ұсақ пакет (тапсырысты, құндылығы жарияланған), жіберілімдер (жай, құндылығы жарияланған) жатады.
Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметке енгізілетін пошта жөнелтілімдерінің түрлері мен санаттарының қосымша тізбесі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленеді.
Тіркелетін пошта жөнелтілімі қайтарым мекенжайы міндетті түрде көрсетіле отырып, қабылданады.
3. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, оның шегінен тыс жерлерге де қабылданады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін нәрселерге, заттар мен тауарларға қойылатын талаптар пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы