11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы
1. Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
2. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
2-1. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті құптауға тиіс.
2-2. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті құптауға тиіс.
3. Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы облыстарының кемінде жартысының аумақтарында дамыту жүзеге асырылатын, спорт түрлерінің аккредиттеу тәртібімен белгіленген ерекшеліктеріне байланысты өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының мәртебесін иеленеді.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.05.2017 № 65-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.12.2019 № 280-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы