Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің акционерлеріне (құрылтайшыларына), капиталдың (меншіктің) мөлшері мен құрылымына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

11-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің акционерлеріне (құрылтайшыларына), капиталдың (меншіктің) мөлшері мен құрылымына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің акционерлеріне (құрылтайшыларына), капиталдың (меншіктің) мөлшері мен құрылымына қойылатын талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Қазақстандық рейтингтік агенттік акционерлерінің (құрылтайшыларының) құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, халықаралық қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғалар кіруі мүмкін.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның үлестес тұлғаларын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктерді қоспағанда, халықаралық қаржы ұйымдары және өзге де тұлғалар қазақстандық рейтингтік агенттіктің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялар шегеріліп) акцияларының он немесе одан көп пайызын өз бетінше немесе өзінің үлестес тұлғаларымен бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене, пайдалана алмайды және (немесе) оған билік ете алмайды.

      2. Халықаралық рейтингтік агенттіктерді қоспағанда, қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды тек қана ақшамен төлеуі арқылы қалыптастырылады.

      3. Халықаралық рейтингтік агенттіктер қазақстандық рейтингтік агенттіктің акцияларына өзге мүлікпен ақы төлеуге құқылы. Өзге мүлікті бағалау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

      4. Қазақстандық рейтингтік агенттікті құру, қайта ұйымдастыру және (немесе) тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Қазақстандық рейтингтік агенттіктің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау