⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік Қайырымдылық туралы Заңы

11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік Қайырымдылық туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік Қайырымдылық туралы Заңы 

      1. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы қайырымдылықты осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады. 

      2. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы жүзеге асырылатын қайырымдылық қызмет бойынша есепке алуды жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен ақпарат береді. 

      3. Пайдаланушыға өз мүлкін берген қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының одан осы мүлікті пайдалану туралы есепті талап етуге құқығы бар. 

      4. Қайырымдылық жасаушыдан немесе қайырымдылық ұйымынан нысаналы сипаты бар қайырымдылық көмек ретінде ақша алған пайдаланушы қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы және пайдаланушы арасындағы шарттық қатынастарда айқындалған мерзімдерде және тәртіппен есеп береді. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ. 

      Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы