Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру Нотариат туралы Заңы

11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру Нотариат туралы Заңы 

       Прокуратура органдарының, не уәкілетті органның, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:  

      1) алып тасталды   

      2) жекеше нотариус Нотариустың әдеп кодексiн бiрнеше (екі және одан көп) рет бұзғанда;  

3) нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше (екі және одан көп) рет бұзғанда;

3-1) нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріп бұзғанда;

      4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;  

      5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда; 

      5-1) нотариустың көмекшісінің және (немесе) тағылымдамадан өтушісінің нотариустың мөрін пайдалану және нотариус үшін нотариаттық актіге қол қою фактісі анықталғанда; 

5-2) нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру фактісі анықталғанда;

      6) осы Заңның 10-бабының 2-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;  

      7) алып тасталды - ҚР 2011.12.26 № 516-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органын хабардар етпей жүзеге асырғанда;

 9) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бірнеше (екі және одан көп) рет бұзғанда нотариус лицензиясы кері қайтарып алынады.

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы