⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

11-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 11-бап. Мемлекеттік органдардың басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, тиісті мемлекеттік орган туралы ережеде және міндеттердің бөлінуінде айқындалады. 

      2. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары мыналар болып табылады: 

      1) мемлекеттік органның мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау; 

      2) мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау; 

      3) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау; 

      4) Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік орган атынан өкілдік ету; 

      5) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және өзге де жобалардың сапалы орындалуын және оларды тиімді іске асыру үшін бақылауды қамтамасыз ету; 

      6) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы