⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы

11-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы 

      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган: 

      1) техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру мен одан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 

      2) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының нысанын әзірлейді; 

      3) жолаушылар мен багаждың тұрақты емес тасымалдарымен айналысатын заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жолаушылар мен багажды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы тәртібін әзірлейді; 

      3-1) жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібін бекітеді; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       4) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      4) техникалық қарап тексеру операторларының тізілімін жүргізеді; - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

       5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

      5-1) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекітеді; 

      5-2) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді; 

      5-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекітеді; 

      5-4) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды; 

      5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекітеді; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы