⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Білім беру жинақтау салымына иелік ету Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

        1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім беру жинақтау салымының ақшасын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке не қатысушы банктен қатысушы-сақтандыру ұйымына толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      2. Бастапқы білім беру капиталы жоқ салымшыға білім беру гранты берілген немесе салымшының білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда, салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі:

      1) білім беру жинақтау салымына қаражат жинақтауды жалғастыруға;

      2) білім беру жинақтау салымының қаражатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына аударуға;

      3) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында білім беру жинақтау салымының қаражатын білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

      4) білім беру жинақтау салымының қаражатын қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысымен және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымының қаражатын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалануға құқылы.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен қалыптастырылған білім беру жинақтау салымының қаражатын (олар болған кезде) салымшы:

      1) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған салымшының нысаналы жинақтау шотына аудару кезіндегі валюталар бағамы бойынша АҚШ долларында одан әрі аудару үшін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына аударуға;

      2) "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған өзінің банктік шотына ұлттық валютамен аударуға;

      3) басқа да техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу мақсатында білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;

      4) білім беру жинақтау салымында қаражат жинақтауды жалғастыруға құқылы.

      2-1. Бастапқы білім беру капиталы бар салымшыға білім беру гранты берілген немесе оның білім туралы тиісті құжатпен расталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі білім туралы құжаттың ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.

      3. Салымшы қатысушы білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде білім беру қызметтеріне ақы салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша бөліктермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) қатысушы білім беру ұйымына төленеді.

      4. Салымшы қаза болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған, не қайтыс болды деп жариялаған немесе ол денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:

      1) салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе оның мұрагерлері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасы үшін білім беру жинақтау салымына немесе сақтандыру шартына жібереді;

      2) ол мемлекет сыйлықақысы, бастапқы білім беру капиталы (бар болса) сақтала отырып, салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне немесе оның мұрагерлеріне салым шартын бұзу талаптары бойынша төленеді.

      5. Барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төленгеннен кейін білім беру жинақтау салымында қаражат қалған кезде салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі осы соманы есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен қоса алуға құқылы.

      6. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен және бастапқы білім беру капиталымен (бар болса) қоса Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымына бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында көзделген тәртіппен аударуға құқылы.

      7. Салымшы шетелдік білім беру ұйымына шарттық негізде оқуға түскен кезде салымшының не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілінің өтініші бойынша салымшының жинақталған қаражатынан оқуға ақы төлеуді қатысушы банк салымшыны шетелдік білім беру ұйымына қабылдау туралы растайтын құжаттар ұсынылған кезде қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысын, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталын (бар болса) ескере отырып, үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (бүкіл оқу мерзімі үшін) жүзеге асырады. Бұл ретте, кейіннен қаражат шетелдік білім беру ұйымына аударылған кезден бастап мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы тоқтатылады.

      Салымшы шетелдік білім беру ұйымына грантқа қабылданған жағдайда салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында танылған шетелдік білім беру ұйымының білім туралы құжатының ұсынылуы шартымен қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақысы, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы мен бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген білім беру жинақтау салымының қаражатын алуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес білім беру жинақтау салымына билік етуге құқылы.

      8. Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, салым шарты бойынша банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы