⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Балалар ауылындағы отбасы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

11-бап. Балалар ауылындағы отбасы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Балалар ауылындағы отбасы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы 

       1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер).  

       2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi  бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады.  

      3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi білім беру саласындағы уәкілетті орган бекiтедi. 

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы. 

      Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы