11-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және оны қайта қарау Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Заңы
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
2. Егер тергеп-тексеруді жүргізетін орган жүргізген қайта тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе оны келтіру қатерін жою үшін арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту қажет екені және мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласының осы саланың өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделуіне ықпал ететін шаралар қабылдайтыны туралы дәлелдемелер бар екендігі анықталса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі Комиссия шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
3. Комиссия арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде, мұндай шара осы шешімді қабылдау күніне қолданылған арнайы қорғау шарасына қарағанда, аса шектеулі болмауға тиіс.
4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, Комиссия осындай арнайы қорғау шарасын оның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралықтарымен біртіндеп жұмсартады.
Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі үш жылдан асқан жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізетін орган мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы өтуінен кешіктірмей қайта тергеп-тексеруді жүргізеді, оның нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе оның күші жойылуы мүмкін.
Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жұмсарту деп импорттық квотаның немесе арнайы квотаның көлемін ұлғайту не арнайы баждың мөлшерлемесін төмендету түсініледі.
5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасының қолданылуының жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
6. Арнайы қорғау шарасы алдыңғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде бұрын арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылмайды. Бұл ретте, арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім екі жылдан кем болмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі бір жүз сексен күннен аспайтын мерзімді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасы енгізілген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы мұндай тауарға жаңа арнайы қорғау шарасы енгізілген күннің алдындағы бес жыл ішінде екі реттен артық қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 8 маусымдағы № 316-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы