11-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыру Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Мемлекеттік корпорация "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы провайдер болып табылады.
2. Мемлекеттік корпорация акционерлік қоғам нысанында құрылады, ол коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның өз филиалдары болады.
3. Мемлекеттік корпорацияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органы орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
4. Мемлекеттік корпорация:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
3-1) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексеруге жатады;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша, оның ішінде электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді және (немесе) көрсетуді ұйымдастырады;
6-1) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын немесе Мемлекеттік корпорация ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді;
6-2) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;
6-3) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректер базасын жүргізуді жүзеге асырады;
6-4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жолданымдарын қабылдауды және өтініш берушілердің сұрау салуы бойынша оларға жауаптардың берілуін ұйымдастырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы