⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

10-бап. Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Түркістан қаласының аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету   Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңы 

       1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Түркістан қаласының аумағында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштері былайша бөлінеді: 

      1) дүниежүзілік тарих пен мәдениет үшін ерекше маңызға ие, халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері: 

      Қожа Ахмет Ясауи кесенесі; 

      2) Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызға ие, республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері: 

      ежелгі Түркістан қаласы, Күлтөбе қалашығы, Қылует жерасты мешіті, Әулие Құмшық ата жерасты мешіті, Шілдехана, Тәуке хан кесенесі, Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі, Белгісіз сағана, цитадельдің қамал қабырғасы, шығыс моншасы, Есім хан кесенесі, цитадельдің қамал қабырғасының қақпасы, Жұма мешіті, Гауһар ана кесенесі, Әлқожа ата кесенесі, Жәудір ана мешіт-медресесі, Шәмет Ишан мешіт-медресесі, теміржол станциясы кешені және гарнизон штабының ғимараты; 

      3) Түркістан қаласының тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызға ие, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері: 

      Бала би кесенесі, қалалық атқару комитетінің ғимараты, балалар спорт мектебі, дәріхана ғимараты, казарма. 

      2. Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау және қорғау үшін әрбір ескерткішке Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес күзет аймақтары белгіленеді. 

      Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мақсатында: 

      ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізіледі; 

      Түркістан қаласының бас жоспарына енгізілетін тарих және мәдениет ескерткіштерінің тиісті жергілікті жерінің тарихи-сәулет тірек жоспарлары мен карта-схемалары жасалады. 

      3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймағының аумағында жаңа құрылыс жұмыстарын жоспарлау кезінде 1972 жылғы Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенцияға сәйкес ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетіне хабарлама жіберіледі. 

      4. Құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде олардың сәулет келбеті бойынша Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді. Құрылыс салуды реттеу аймағының шегінде биік құрылыстар салу режимі белгіленеді және ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін реконструкциялау жөніндегі талаптар айқындалады. 

      Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күзет аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта көше-жол желілерін өзгертуге жол бермеу мақсатында құрылыс салуды реттеу аймағында: 

      биіктігі жеті метрден асатын; 

      ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді. 

      5. Түркістан қаласының аумағында тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. 

 

      Осы Заң Түркістан қаласының ерекше мәртебесінің құқықтық негіздерін реттейді және оны бірегей мұра ретінде сақтауға, зерделеуге және ілгерілетуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы