⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына 

      1. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату операцияларын жасауға байланысты резиденттер мен бейрезиденттер қатынастарының жиынтығы ретінде айқындалады. 

      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өздеріне берілген лицензиясына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында және шетелде сатуға және (немесе) сатып алуға құқылы. 

       3. Заңды тұлғалар және шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) (уәкілетті банктерді қоспағанда) Қазақстан Республикасында шетел валютасын қолма-қол ақшасыз сатып алуды және (немесе) сатуды Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырады.  

       Уәкілетті ұйымдар уәкілетті банктермен жасасқан шарттар негізінде өз қызметінің мақсаттары үшін олармен қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.  

      4. Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын басқа қолма-қол шетел валютасына немесе қолма-қол ұлттық валютаға сатып алуы және (немесе) сатуы тек қана айырбастау пункттері арқылы жүргізіледі. 

       5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеуді жүзеге асырады.  

       Уәкілетті банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөнінде ақпарат ұсынады.  

      Есептердің нысандарын және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздері және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттары жөніндегі ақпаратты уәкілетті банктердің ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларында айқындалады. 

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын растау бойынша резидент-заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптарды белгілейді. 

      7. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның пайдаланылуын растау бойынша резидент-заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).  

 

      Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы