10-бап. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шаралары Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы Заңы
1. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына қаржылық, ақпараттық-консультациялық қолдау ұсыну, кадр әлеуетін дамытуды қолдау, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруды қолдау, мемлекеттік преференциялар беру мен осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де қолдау шараларын ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
3. Қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану:
1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға дайындығын қамтамасыз ету;
2) қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техниканы өндіру үшін өнеркәсіптік инфрақұрылымды құру;
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау рәсімдерін жетілдіру;
4) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы Заң қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техника айналымының жекелеген мәселелерін реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы