⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Қатысушы банк сыйақысы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

10-бап. Қатысушы банк сыйақысы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Қатысушы банк сыйақысы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

   1. Қатысушы банк ай сайын капиталдандыра отырып, салымшыға салым шартында айқындалған мөлшерде салым сомасына сыйақы төлейді.

      2. Қатысушы банк сыйақысы салым шарты қолданылатын мерзім бойына есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).

      3. Қатысушы банктің тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең төмен мөлшері:

      1) қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалатын салым шарты үшін – салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, екі жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен;

      2) бір жылдан астам уақытқа жасалатын салым шарты үшін – салым шартын жасасу немесе ұзарту күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген, үш жүз базистік тармаққа төмендетілген базалық мөлшерлеме деңгейінен төмен болмауға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы