⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы

10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері Пошта туралы Заңы 

       1. Пошта операторы пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынған кезде өндірістік объектілерде қабылданған және пошта жөнелтілімін тапсырғаны туралы қолхат алмай жеткізілетін, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін жіберу жөніндегі қызметтерді көрсетеді.

      Пошта операторының пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынуы уәкілетті орган бекіткен, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігіне, сапасына және ұсынылу бағасына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын талаптар белгіленетін, пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтеріне:

      1) тіркелмейтін хатты жіберу бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) жаздырып алынатын мерзiмдi баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызмет жатады.

      3. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да, оның шегінен тыс жерлерге де жіберуге қабылданады. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін нәрселер мен заттарға қойылатын талаптар пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында айқындалады.

      4. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік заңды тұлғалар арасында тіркелмейтін пошталық жөнелтілімдерді жіберуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тіркелмейтін пошта жөнелтілімдері түріндегі жазбаша жауаптар жолдауға тыйым салынады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы