10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру Нотариат туралы Заңы
1. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура органдарының ұсынулары негiзiнде уәкілетті органның шешiмiмен жүргізіледі.
2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiнде талап қою іс жүргізуі қозғалған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
2-1) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылданған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған; -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол бар болған жағдайда) өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламаған;
4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне айқындап берілген қызмет ету аумағын бұзған;
5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келген, нотариаттық әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған;
6) нотариустың нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасында көрсетілген мекенжайда нотариустың үй-жайы іс жүзінде болмаған;
7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамаған;
8) осы Заңның 19 және 46-баптарында көзделген шектеулер сақталмаған;
9) егер нотариус нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар еткен күннен бастап үш ай өткен соң іс жүзінде нотариаттық қызметке кіріспеген;
10) нотариус осы Заңның 18-бабы 13) тармақшасыныңталаптарын сақтамаған;
11) нотариаттық әрекеттерді жүзеге асыруы кезінде нотариус Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа бірнеше (он екі ай ішінде екі және одан көп) рет тартылған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Егер бұрын жасалған тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жаза белгіленген тәртіппен алып тасталған болса, тәртіптік теріс қылық бірнеше рет жасалған деп танылмайды;
12) нотариус Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзған;
13) нотариус осы Заңның 4-3-бабында көзделген нотариаттық әрекеттерді жасағаны туралы мәліметтерді бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеге енгізу мерзімдерін бірнеше (он екі ай ішінде екі және одан көп) рет бұзған жағдайларда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады."
2-1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жалпы негіздерден басқа, нотариус лицензиясының қолданысы:
1) нотариус мемлекеттік қызметте болған;
2) нотариус мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақы төленетiн, тұрақты немесе жұмыстан босатылатын негiзде өз қызметiн атқаратын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты немесе мәслихат депутаты болып сайланған;
3) нотариус мерзімді әскери қызметті өткерген;
4) өз өкілеттігін орындамауы туралы нотариустың өтінішінде көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.
2-2. Нотариус лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
2) прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін жасаған жағдайда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
3) прокурор айыптау хаттамасын, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекіткен және қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасаумен аяқталған жағдайда – сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады."
3. Нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданысын тоқтата тұру себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Тоқтата тұруға себеп болған, осы баптың 2-тармағында көзделген мән-жайлар жойылған кезде, нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде лицензиар лицензияның қолданысын қайта бастау туралы шешiм шығарады.
3-1. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын қайта бастау нотариустың өтініші бойынша лицензиардың шешімі негізінде күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.
4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.
5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiм лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы нотариус, нотариаттық палата хабардар етіледі.
6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
7. Нотариус лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата, нотариаттық цифрлық архивті қоса алғанда, нотариустың қағаздағы және электрондық түрдегі құжаттарын Қағидаларда көзделген тәртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы