10-бап. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы
1. Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы қатысушылардың жалпы жиналысында сайланады және кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асырады.
Кредиттiк серiктестiктiң басқармасы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы алдында өз қызметiнiң нәтижелерi туралы жыл сайын есеп бередi.
2. Кредиттiк серiктестiк басқармасының өкiлеттiктерi мыналарды:
1) кредиттiк серiктестiк қызметiнiң iшкi ережелерiн қабылдау туралы және оларды кейiннен өзгерту туралы ұсыныстар әзiрлеудi;
2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына кредиттiк және инвестициялық саясатқа қатысты ұсыныстар әзiрлеудi және енгiзудi, кредиттiк серiктестiктiң iшкi кредит саясаты және кредит комитетi туралы ережелер әзiрлеудi;
3) шығыстар мен кiрiстердiң жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есептi әзiрлеудi және табыс етудi;
4) жылдық қаржылық есептiлiктi әзiрлеудi және табыс етудi;
5) қызметкерлер үшiн еңбекақы мөлшерiн белгiлеудi;
6) кредиттiк серiктестiкке қатысушыларды қабылдау және одан шығу жөнiндегi мәселелер бойынша құжаттар әзiрлеудi және оларды кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына шығаруды;
7) кредиттiк серiктестiктiң ағымдағы қызметiне байланысты және кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретiне кiрмейтiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруды қамтиды.
Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы кредиттік сертіктестіктің басқармасына кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының мынадай айрықша құзыреттерін бере алады:
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау (шығару);
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдауға (шығаруға) байланысты кредиттік серіктестіктің жарғысын өзгерту немесе оны жаңа редакцияда бекіту.
есепке алу саясатын қалыптастыру.
3. Басқарма жеке-дара орган бола алмайды және оның мүшелерiнiң саны тақ, бiрақ үштен кем емес болуға тиiс. Басқарманы кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы сайлайтын төраға басқарады.
Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының шешiмi бойынша басқарманың төрағасы және (немесе) мүшелерi кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары болып табылмайтын адамдардан сайлануы мүмкiн. Бұл жағдайда басқарманың құрамында кредиттiк серiктестiктiң бiр немесе бiрнеше қатысушылары болуға тиiс.
4. Басқарманың отырысы қажетiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Егер отырысқа басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, ол өзiнiң қарауына енгiзiлген мәселелердi шешуге құқылы. Шешiм отырысқа қатысушы басқарма мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 23 шілдедегі № 352-VIII ҚРЗ
Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау