10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы
1. Бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің келісімімен дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
2. Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге он алты жасқа толған:
1) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) бірінші рет шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, бірінші рет босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алу үшін немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6) тармақшасының күші 01.07.2025 дейін Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында визаларды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бармай электрондық форматта берілетін визаларды ресімдеу және беру бөлігінде тоқтатыла тұрады – осы Заңның 39-бабымен.
6) Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.
3. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағында, 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта жүгінген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен верификациялау рәсімінен өтеді.
4. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу кезінде осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен ерікті негізде дактилоскопиялық тіркелуге жатады. Он екі жасқа толмаған балалар дактилоскопиялық тіркелуге жатпайды.
5. Дактилоскопиялауға мүмкіндік бермейтін дене кемістіктері бар адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша бекітеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын, дене кемістіктері бар (екі қолының барлық саусағының болмауы немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлердің болмауы) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолдарының алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
Егер адамның екі қолының барлық саусағы немесе қолбасы болмаған жағдайда, ол:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, дактилоскопиялық тіркеуден өтуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімінен босатылады.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы