10-бап. Активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ қабылданған жүйелі шаралар жөніндегі жыл сайынғы ақпарат Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы Заңы
1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша қабылданған шаралар, олардың нәтижелері, қайтарылған активтердің азаматтар мен мемлекет мүддесінде пайдаланылуы туралы, сондай-ақ активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған жүйелі шаралар туралы ақпаратты жыл сайын (бұдан әрі – жыл сайынғы ақпарат) өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің материалдары мен мәліметтері негізінде де дайындайды.
2. Жыл сайынғы ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
3. Жыл сайынғы ақпаратты дайындау және оны жариялау тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітеді.
Осы Заң қазақстандықтардың қазіргі және келешек ұрпағының мүддесі үшін, Қазақстан халқының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, құқық үстемдігін, әлеуметтік әділеттілікті, Қазақстан халқының игілігі үшін оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында, заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару (бұдан әрі – активтерді қайтару) жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы