10-1-бап. Дербес деректерді өңдеуді бастау және өңдеуді тоқтату туралы хабарлама Дербес деректер және оларды қорғау туралы Заңы
1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді өңдеу басталғанға және өңдеу тоқтатылғанға дейін осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыру және деректерді өңдеуді тоқтату ниеті туралы хабардар етуге міндетті.
2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді жинайтын және өңдейтін шағын және орта меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жатқызылған жағдайда хабардар етпей өңдеуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген хабарлама қағаз, цифрлық және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіштегі құжат түрінде жіберіледі, оған уәкілетті адам қол қояды. Хабарламада мынадай мәліметтер:
1) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);
2) дербес деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралар;
3) дербес деректерді өңдеу басталған күн;
4) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы;
5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болғаны не болмағаны туралы;
6) дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы туралы;
7) субъектіге байланысты жиналатын дербес деректердің тізбесі;
8) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің тұрған жері туралы мәліметтер;
9) меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.
4. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген хабарламаны дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізіліміне жіберілген күн туралы мәліметтерді енгізеді.
5. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу тоқтатылғаны туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімінен алып тастайды.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Осы Заң дербес деректер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ дербес деректердi жинаумен, өңдеумен және қорғаумен байланысты қызметтiң мақсатын, қағидаттарын және құқықтық негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы