⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады. 

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады. 

      3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады. 

      4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 

      5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі. 

      Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. 

      Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

      5-1. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мәртебесі, жалақысының мөлшері мен деңгейі, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге де жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті жұмыскерлеріне теңестіріледі. 

      6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. 

      7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 

       7-1. Кеңестің жанында Сот төрелігі академиясы жұмыс істейді.  

      Кеңес Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. 

      Сот төрелігі академиясын құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 

      8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді. 

      9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 216-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы