Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда қамтылған кейбір ұғымдарды түсіндіру Cот-сараптама қызметі туралы Заңы 

      Осы Заңда қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 

      1) арнайы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнайы білім саласы; 

      2) валидация – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін, сот-сараптамалық зерттеудің әдістері мен әдістемелерін пайдаланудың жарамдылығын бағалау; 

2-1) жеке сот сарапшысы – сараптама мамандығына сәйкес келетін кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасы Сот сарапшылары палатасының мүшесі болып табылатын, уәкілетті орган берген сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі жекеше практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;

      3) сараптама мамандығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының біліктілігін берумен расталған сот сарапшысының ғылыми құзыреті; 

      4) сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелерін көрсететін жазбаша құжат; 

      5) сот-сараптама қызметі – сот сараптама органдарының және сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі; 

      6) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі; 

      7) сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық және (немесе) аспаптық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі; 

      8) сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу; 

      9) сот сараптамасының нысанасы – сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталатын қылмыстық, азаматтық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу үшін маңызы бар нақты деректер; 

      10) сот сараптамасының объектілері – заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адамның психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған, сот сараптамасының нысанасына қатысты мәліметтер; 

      11) сот сараптамасы органы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға; 

11-1) сот сараптамасы органының сарапшысы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот сараптамасы органында ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

12) сот сарапшысы – арнаулы ғылыми білімі бар және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өздеріне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес сот сараптамасы органының сарапшысы, жеке сот сарапшысы және өзге де адамдар;

      13) сот сарапшысын аттестаттау – сот сарапшысының заңда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін айқындау бойынша мерзімді түрде жүзеге асырылатын рәсім; 

      14) сот сарапшысының біліктілігі – сараптаманың белгілі бір түрінің объектілерін зерттеу мақсатында кәсіби білімі бар адамның мақсатты даярлықтан өтуі арқылы алған білімінің, машықтары мен дағдыларының кешені; 

14-1) уәкілетті орган – сот-сараптама қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      15) үлгілер – сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін көрсететін материалдық объектілер. 

 

 

Cот-сараптама қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ. 

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ 

    Осы Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау