⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

       1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер; 

      2) арнайы жиындар – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар; 

      3) арнаулы атақ – қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі; 

      3-1) әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары; 

      4) арнаулы киім нысаны – қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері; 

      5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматтары; 

      6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі; 

      7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі – кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі; 

      8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу – арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі; 

      9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі – запас) – қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрістетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер; 

      9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы; 

      10) Жоғары аттестаттау комиссиясы – арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган; 

      11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер; 

      12) қолданыстағы резерв – арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру; 

      13) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі – келісімшарт) – тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт; 

      13-1) магистранттар және докторанттар – әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер; 

      14) отставка – қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шекті жасына жеткендерді арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастау не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алып тастай отырып, қызметтен шығару; 

      15) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнайы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын жауап алу рәсімі; 

      16) психофизиологиялық куәландыру – арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы; 

      16-1) тыңдаушы – қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер; 

      17) уәкілетті басшы – осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды лауазымға тағайындау, ауыстыру, қызметтен босату, шығару, оларға арнаулы атақ беру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам; 

      18) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар – арнаулы мемлекеттік органдарда штаттарды құру, тарату, орын ауыстыру, қайта жасақтау, бағыныстылығын өзгерту, ұлғайту және қысқарту бойынша жүргізілетін іс-шаралар. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы