⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) қамтамасыз етілген цифрлық актив – қамтамасыз етілген цифрлық активке қойылатын талаптарға сәйкес келетін, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа арқылы тіркелген цифрлық актив; 

      2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді сақтау және айырбастау жөніндегі цифрлық платформа – деректердің таратылған платформасы негізінде құрылған, белгілі бір ақпараттық өзара іс-қимылдарды іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған, ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиынтығы; 

      3) қамтамасыз етілмеген цифрлық актив – қамтамасыз етілген цифрлық активке қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін цифрлық актив; 

      4) цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік; 

      5) цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа; 

      6) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

      7) цифрлық майнер – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының дара кәсіпкері немесе заңды тұлғасы; 

      8) цифрлық майнинг – блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі; 

      9) цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы – цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннен және тұрғын аймақтың аумағынан тыс жерде орналасқан өндірістік ғимараттан тұратын, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электр энергиясын пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі; 

      10) цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы