Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы 

 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 

      1) жосықсыз практикалар – түрлері мен белгілері осы Заңның 15-25-бабының 2-тармағында белгіленген іс-қимылды қадағалау субъектілерінің әрекеттері (әрекетсіздігі); 

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың (актуарийлерді қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына кәсіби қатысушылардың қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ: 

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының; 

      орталық депозитарийдің; 

      мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі бағалы қағаздарды немесе мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің соларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың; 

      өзара сақтандыру қоғамдарының; 

      сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лицензиялауға жатпайтын қызметі; 

      3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының көрсетілетін қызметтерін сатып алу ниеті бар немесе көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын, сондай-ақ өз қаражатын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға; 

      4) қаржы нарығы – қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарын шығарумен және олардың айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 

      5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

      6) қаржы нарығындағы жауапты іскерлік практикалар – іс-қимылды қадағалау субъектілерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға адал, ашық және әділ қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар мен әрекеттер жиынтығы; 

      7) қаржы нарығындағы кәсiби қызмет – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 

      8) қаржы өнімі – қаржы ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынатын қызмет; 

      9) қаржы ұйымы – қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 

      10) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде: 

      аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау; 

      аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы; 

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы; 

      11) тексеру материалдары – тексеру барысында және нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органы қалыптастыратын материалдар; 

      12) уәкілетті агент – іс-қимылды қадағалау субъектісінің коммерциялық өкілдігін жүзеге асыратын тұлға, оның ішінде сақтандыру агенті; 

      13) іс-қимылды қадағалау – уәкілетті органның осы Заңның 2-4-тарауында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген, іс-қимылды қадағалау субъектілерінің және (немесе) олардың уәкілетті агенттерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған қызметі; 

      14) іс-қимылды қадағалау субъектісі – банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржы ұйымы, жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген коллекторлық агенттік, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы. 

      Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы