⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы 

       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) аккаунт – онлайн-платформаны пайдаланушының онлайн-платформада тіркелгеннен кейін жасалатын дербес парақшасы; 

      2) демеушілік контент – онлайн-платформаны пайдаланушының өзі және (немесе) демеуші жасайтын аккаунтта орналастыру арқылы онлайн-платформаларды пайдаланушылар тарататын онлайн-платформалардағы контенттің бір түрі; 

      3) жалған ақпарат – шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, адамдар, заттар, оқиғалар, құбылыстар мен процестер туралы жалған түсінік қалыптастыратын, кез келген нысанда тіркелген ақпарат; 

      4) жария қоғамдастық – онлайн-платформаны пайдаланушы онлайн-платформада тіркеген, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың беймәлім саны үшін ақпарат орналастырылатын парақша; 

      5) жария қоғамдастық модераторы – онлайн-платформаның меншік иесі және (немесе) оны пайдаланушы болып табылатын, онлайн-платформадағы контентті орналастыру және (немесе) жою, және (немесе) редакциялау құқығы берілген тұлға; 

      6) инфлюенсер (блогер) – онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы; 

       7) лездік хабар алмасу сервисі – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған бағдарламалық қамтылымды қоспағанда, телекоммуникация желілерін пайдалана отырып нақты уақыт режимінде лездік хабар алмасуға не оларды нақты айқындалған тұлғаға (тұлғаларға) беруге арналған және (немесе) онлайн-платформаны пайдаланушылар сол үшін қолданатын бағдарламалық қамтылым;  

      8) онлайн-жарнама – онлайн-платформаларды пайдаланушылар және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері таргеттелген жарнама және (немесе) демеушілік контент, және (немесе) өзге де ақпарат түрінде жасайтын және (немесе) орналастыратын, және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын, тұлғалардың беймәлім тобына арналған онлайн-платформалардағы жарнама; 

      9) онлайн-жарнаманы таратушы – онлайн-жарнаманы жасауды және (немесе) орналастыруды, және (немесе) таратуды жүзеге асыратын онлайн-платформаны пайдаланушы; 

      10) онлайн-платформа – қаржылық көрсетілетін қызметтер ұсынуға және электрондық коммерцияға арналған интернет-ресурсты және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылымды, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисін қоспағанда, онлайн-платформаны пайдаланушының өзі ашқан аккаунт, жария қоғамдастық арқылы онлайн-платформадағы контентті алуға, жасауға және (немесе) орналастыруға, және (немесе) таратуға, және (немесе) сақтауға арналған интернет-ресурс және (немесе) интернет желісінде жұмыс істейтін бағдарламалық қамтылым, және (немесе) лездік хабар алмасу сервисі; 

      11) онлайн-платформадағы контент (бұдан әрі – контент) – онлайн-платформаны пайдаланушы белгілерді және (немесе) сигналдарды, және (немесе) дауыстық ақпаратты, және (немесе) жазбаша мәтінді, және (немесе) бейнені, және (немесе) дыбыстарды, және (немесе) аудиокөрнекі нысанды қабылдап алу және (немесе) тұлғалардың нақты айқындалған немесе беймәлім тобына беру арқылы алатын және (немесе) жасайтын, және (немесе) орналастыратын және (немесе) тарататын, және (немесе) сақтайтын онлайн-платформадағы ақпарат; 

      12) онлайн-платформаның меншік иесі – онлайн-платформаға меншік құқығын иеленетін жеке және (немесе) заңды тұлға; 

      13) онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесі – онлайн-платформа контентінің өз интерфейсіндегі басымдығын, сондай-ақ іздеу нәтижелерінің басымдығын айқындайтын толық немесе ішінара автоматтандырылған онлайн-платформа жүйесі; 

      14) онлайн-платформаны пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – онлайн-платформада өзінің дербес деректерін тіркеген және (немесе) ұсынған, және (немесе) сәйкестендіруден өткен жеке және (немесе) заңды тұлға; 

      15) профайлинг – пайдаланушылардың қалауын және (немесе) қызығушылықтарын айқындауға бағытталған алгоритмдер жиынтығы; 

      16) таргеттелген онлайн-жарнама – профайлинг негізінде айқындалатын нысаналы топтарға арналған және пайдаланушыларды қамтуды ұлғайтуға және (немесе) оның басымдығын, оның ішінде онлайн-платформаның ұсынымдық жүйесін пайдалана отырып арттыруға бағытталған онлайн-жарнама; 

      17) уәкілетті орган – онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы