1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Микроқаржылық қызмет туралы Заңы
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 359-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
2) кредиттiк дерекнама – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер;
3) қарыз алушы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
3-1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты – сервистік компания мен "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 1-тармағында аталған тұлға немесе осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы арасында жасалған банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты;
4) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;
6) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
6-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның, оның ішінде:
аталған адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкке реттеу режимін қолдануға алып келген құқыққа қайшы әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау;
аталған адамның алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы, оның ішінде адамға қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы фактілерінің жоқтығымен расталатын кәсіпқойлығы мен адалдығы;
7) өтініш беруші – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
7-1) сервистік компания – құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде:
банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіруге;
борышкерден ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті қабылдауға;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және (немесе) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге қатысты өкілеттіктерге ие стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым, коллекторлық агенттік;";
2) 3-бап мынадай редакцияда жазы
7-2) тұтынушылық микрокредит – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит;
8) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы.
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы