1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы білім беру капиталы – салымшының білім беру жинақтау салымына немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасына есепке жатқызылатын, бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
1-1) білім беру жинақтау сақтандыруы – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;
2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі – оператор бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) – өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық кірісті негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
4) білім беру жинақтау салымы – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері есебінен жарналарын, бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын және қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақыларын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
5) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
6) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
7) білім беру қызметтері – жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған көрсетілетін қызметтерді білім алушыға ұсыну жөніндегі қызмет;
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
9) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
10) енгізуші – салымшының пайдасына білім беру жинақтау салымына жарна салуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті немесе бейрезиденті;
11) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
12) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
13) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетпейтін сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
14) қатысушы банк – осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, Ұлттық пошта операторы;
14-1) қатысушы білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
15) қатысушы-сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;
16) мемлекет сыйлықақысы – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
17) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) тартуына және бастапқы білім беру капиталын есепке жазуға, сондай-ақ оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
18) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мен білім беру саласындағы уәкілетті органның бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
19) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – ынтымақтастық туралы келісім) – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру шеңберінде оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы немесе оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы олардың өзара іс-қимылының шарттары мен тәртібін белгілейтін келісім;
20) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
21) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы – сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары), бастапқы білім беру капиталы, инвестициялық кіріс, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақылары ескеріліп, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резерві негізге алына отырып айқындалатын мемлекет сыйлықақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
22) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған пайда алушының білім алу қызметтеріне ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын), бастапқы білім беру капиталын, инвестициялық кірісті, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;
23) сақтанушы – пайда алушының ата-анасы немесе басқа жақын туысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (осы Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);
24) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
25) сатып алу сомасы – сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы.
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы