⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік аудит объектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 

      2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат; 

     3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;

      4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік); 

      5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет; 

      6) мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру; 

      7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар; 

      8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші; 

      8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті – мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман; 

      9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы; 

      10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит. 

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы