1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар "Астана Хаб" инновациялық кластері туралы Заңы
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акселерация – инновациялық қызмет субъектілерінің инновациялық жобаларын қарқынды дамыту мақсатында оларды даярлау мен оқыту процесі;
2) "Астана Хаб" дербес кластерлік қоры (бұдан әрі – Қор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;
3) "Астана Хаб" инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім мен тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы инновациялық қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі;
4) "Астана Хаб" инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі – инновациялық кластер қатысушысының жобасы) – өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға немесе жетілдіруге бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
4-1) "Астана Хаб" қатысушылары – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен "Астана Хаб" қатысушылары ретінде тіркелген заңды тұлғалар;
4-2) "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы – Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ;
5) технологиялық даму орталығы – инновациялық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық;
6) трансұлттық корпорация – негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы);
7) шетелдік инвестициялық қор – айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 10 маусымдағы № 207-V ҚРЗ.
Осы Заң "Астана Хаб" инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы