⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Құқық бұзушылық профилактикасы туралы Заңы 

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

      1) әлеуметтік бейімдеу - қоғамдағы мінез-құлықтың нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті жеке адамды қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені; 

      2) әлеуметтік оңалту - құқыққа қарсы мінез-құлқы бар адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогтік көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі; 

      3) заңға мойынсынушылық мінез-құлық - адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бұзбайтын саналы мінез-құлқы; 

      4) құқық бұзушылық профилактикасы - құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені; 

      5) құқық бұзушылық профилактикасының субъектілері - құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары; 

      6) құқықтық тәрбие - азаматтардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені. 

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы