⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 97-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шаралары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

97-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шаралары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

97-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шаралары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының қауiпсiздiгі шараларын қамтамасыз ету мақсатында:

      1) күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да іс-әрекеттердің қатерін төндіріп отырған адамға оны қылмыстық жауаптылыққа тарту ықтималдығы туралы ресми ескертпе жасайды;

      2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қолжетімділікті шектейді;

      3) оның жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;

      4) қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) ықтималдығын болғызбайтын бұлтартпау шараларын күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодексте көзделген тәртіппен қолданады;

      5) жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданады.

      2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган шығарған ескертпе адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.

      3. Қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап адамның арызы бойынша орын алуы мүмкін және қылмыстық iстiң материалдарынан адамның сауалнамалық деректерi туралы мәлiметтердi алып, оларды негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, бұл адамның бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, онда қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімнің себептері жазылады, қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі. Қаулы және негізгі іс жүргізуден бөлектелген материалдар мөрленген конвертке салынып, ол одан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталады және оның мазмұнымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан басқа прокурор және сот таныса алады.

      4. Куәгерлердiң, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету тәртiбi "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

      4-1. Қылмыстық қудалау органы "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.

      5. Қауiпсiздiк шараларының қолдануына қарамастан, қылмыстық қудалау органы бұған негiздер болған кезде жәбiрленушiге, куәға, күдіктіге, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға мiндеттi.

      6. Қауіпсіздік шараларының күші оларды қолдану қажеттілігі жойылғанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың уәжді қаулысымен, соттың үкімімен, ал қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың не соттың қаулысымен жойылады. Қорғалатын адам өзінің қауіпсіздігі шараларының күшінің жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердің ашылғандығы туралы дереу хабардар етілуге тиіс. Қорғалатын адамның "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жеке қауіпсіздік шарасын қолдану туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалатын шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.

      Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 432. Рассмотрение апелляционной инстанцией гражданского иска в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье432. Рассмотрение апелляционной инстанцией гражданского иска в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Суд апелляционно...

Толық оқу »

434-бап. Қылмыс туралы хабарламау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

434-бап. Қылмыс туралы хабарламау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Дайындалып жатқаны немесе жасалғаны анық белгiлi кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиісп...

Толық оқу »

Комментарий к статье 434. Односторонность или неполнота судебного следствия Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий кстатье 434. Односторонность или неполнота судебного следствияУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Односторонним или неполно проведенным призн...

Толық оқу »

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушы...

Толық оқу »

361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Использование лицом, уполномоченным на выполнение государственных функц...

Толық оқу »

Комментарий к статье 361. Дезорганизация нормальной деятельности учреждений, обеспечивающих изоляцию от общества УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 361. Дезорганизация нормальной деятельности учреждений, обеспечивающих изоляцию от общества УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Угроза прим...

Толық оқу »

Комментарий к статье 362. Неисполнение приговора суда, решения суда или иного судебного акта  УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 362. Неисполнение приговора суда, решения суда или иного судебного акта УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Злостное неисполнение вступивши...

Толық оқу »

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану,...

Толық оқу »

Комментарий к статье 369. Насильственные действия в отношении начальника УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 369. Насильственные действия в отношении начальника УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Нанесение побоев, причинение легкого вреда здоровью...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 369. Допрос потерпевшего Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 369. Допрос потерпевшегоУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Потерпевший допрашивается по правилам допроса свидетелей, предусмотрен...

Толық оқу »

433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру   ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

433-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Уәкілетті лауазымды адамның анық дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құ...

Толық оқу »

Комментарий к статье 28. Виды соучастников преступления УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 28. Виды соучастников преступленияУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Соучастниками преступления наряду с исполнителем признаются организат...

Толық оқу »

Комментарий к статье 196. Монополистические действия и ограничение конкуренции УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 196. Монополистические действия и ограничение конкуренции УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Установление или поддержание монопольно высок...

Толық оқу »

196-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

196-бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiиемдену немесе өткізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұры...

Толық оқу »

Комментарий к статье 52. Общие начала назначения наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 52. Общие начала назначения наказания УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Лицу, признанному виновным в совершении преступления, назначается...

Толық оқу »

Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 14 Нормативтік қаулысы.

Соттардың қылмысқа қатыстылық пен қылмыстық құқық бұзушылыққа дем берушілік үшін жауаптылық туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғар...

Толық оқу »