7-бап. Төлем жүйелерінде төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының аяқталуы (түпкілікті болуы) Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы
1. Төлем және (немесе) ақша аударымы осы төлем және (немесе) аударым пайдасына жүзеге асырылған төлем жүйесіне қатысушыға ақша есепке жатқызылғаннан кейін төлем жүйесінде аяқталды (түпкілікті болды) деп есептеледі.
2. Жүйелік маңызы бар төлем жүйесінің операторы төлем және (немесе) ақша аударымы төлем жүйесіне келіп түскен кезде нұсқауларды дереу өңдеу мен орындауды көздейтін нақты уақыт режимінде немесе ағымдағы операциялық күннің соңына дейін төлем жүйесінде олардың аяқталуына (түпкілікті болуына) кепілдік береді.
3. Клиентке қатысты шығарылған соттың борышкер берешегін қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешімінің көшірмелерін алғанға дейін төлем жүйесіне өз қатысушысы жіберген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары кері қайтарып алынбайтын және түпкілікті болып табылады, орындалуға және аяқталуға жатады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы