7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар.
Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алу жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы.
3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жерiндегi қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.26 N 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы