⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне рұқсаттарға және (немесе) хабарламаларға қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жұртшылықпен талқыланғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс. 

      2. Мемлекеттік органдарда бар, пайдаланылуы шектелмеген және мүдделі адамдарға қажетті ақпарат қолжетімді болуға тиіс. 

      3. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, берілген рұқсаттар, жіберілген хабарламалар, рұқсаттар беру мен хабарламалар жіберудің шарттары туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" веб-порталында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де ақпараттандыру объектілерінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылуға тиіс. 

      4. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және жүзеге асыруға байланысты барлық рәсімдер мен талаптар барлық мүдделі адамдар үшін түсінікті болуға тиіс. 

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы