⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-бап. Ақпарат пайдаланушының құқықтары мен міндеттері Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы 

      1. Ақпарат пайдаланушының: 

      1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпарат алуға және таратуға; 

      2) ақпарат беру туралы сұрау салумен өтініш жасауға; 

      3) алынатын ақпараттың нақтылығы мен толықтығын тексеруге; 

      4) сұрау салуды кері қайтарып алуға; 

      5) ақпарат алу қажеттілігін негіздемеуге; 

      6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 

      7) өзінің ақпаратқа қол жеткізуге құқығын бұзумен келтірілген материалдық залалдың және моральдық зиянның заңда белгіленген тәртіппен өтелуін талап етуге құқығы бар. 

      2. Ақпарат пайдаланушы осы Заңның талаптарын сақтауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. 

      Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы